
Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты орталық полиция бөліміне 28 жастағы қала тұрғыны арызбен шағымданды. Ол қала бойынша зергерлік бұйымдар дайындап сататын бірнеше дүкендер желісін ұстайтынын айтқан. Түнгілік уақытта белгісіз біреулер осындай дүкеннің біріне ұрлыққа түскенін хабарлады. Оқиға орынына бірден жедел –тергеу тобы жіберілді. Белгілі болғандай, белгісіз адамдар дүкен есігін бұзып, ішке кіріп, сөреде тұрған күміс бұйымдарды ұрлаған. Келтірілген шығын көлемі 2 миллион 500 мың теңгені құрады. Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді іс-шаралар барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 31 жастағы күдікті ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ заттар тәркіленді. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.