Саранда өзгенің гаражын бұзып, ішінен заттарын ұрлаған азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Саранда өзгенің гаражын бұзып, ішінен заттарын ұрлаған азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Қарағанды облысы, Саран қалалық полиция бөліміне 42 жастағы қала тұрғыны арызбен шағымданды. Жәбірленуші түнгілік уақытта белгісіз біреу өзіне тиесілі гараждың қабырғасын бұзып, ішінен аккумулятормен құрал-жабдықтарын ұрлап кеткені туралы хабарлады. Оған келтірілген шығын көлемі 200 мың теңгені құраған. Криминалдық полиция қызмектерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 27 жастағы азамат ұсталды. Күдікті ұрлаған заттарды сатып, ақша қылмақшы болғаны туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. Айғақ заттар тәркіленді. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.