
Қарағанды облысының аумағында қоғамдық қауіпсіздікті қадағалу, қылмыстың алдын алу, жол жүру ережелерін сақтау мақсатында «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Шара барысында полиция қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен сондай-ақ, аумақтық жолға жауапты мамандармен кешенді жұмыстар атқаруда. Екі күн жүргізілген жұмыстың нәтижесінде тәртіп сақшылары 1498 әкімшілік құқық бұзушылық дерегін анықтады. Мәселен, полиция қызметкерлерімен жол белгілері талаптарын елемеудің 243 дерегі анықталса, бағдаршамның тыйым салынған белгісіне өтудің 50, жылдамдықты шектен тыс асырудың 45 деректері аныталды. Сондай-ақ, жаяу жүргіншілер тарапынан жол жүру ережелерін бұзудың 287 құқық бұзушылық дерегі анықталды. Мәселен, сағат 10.30 шамасында патрульдік полиция батальонының қызметкерлерімен Қарағанды қаласы, Тәттімбет көшесінің бойында шамын жақпау бойынша автокөлік тоқтатылды. Көліктің басқаруында 57 жастағы қала тұрғыны болған. Оған қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 602 бабына сәйкес хаттама толтырылған. Хаттаманы толтыру барысында полицейлер құқық бұзушыдан ішімдіктің иісін сезген. Кейін медициналық куәландыру барысында оның мас күйде болғаны анықталды. Осыған орай полиция қызметкерлері 57 жастағы азаматқа Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 608 бабына сәйкес хаттама толтырды. Азамат соттың шешімімен әкімшілік қамауға алынды.