
Қарағанды облысы, Қарқаралы аудандық полиция бөлімі, табиғатты қорғау тобының инспекторларымен «Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді. Іс-шара барысында ауылдардың біріне жетіп қалғанда жолдан 100 метр қашықтықта денесінде оқ жарақаттары бар бұланды тауып алған. Сонымен қатар оқиға орынынан аңшы мылтығына келетін оқ-дәрінің гильзасы тәркіленді. Тәртіп сақшылары сондай-ақ, оқиға болған жерден автокөлік дөңгелегінің іздерін тапты. Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді іс-шаралар барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 52 жастағы ауыл тұрғыны анықталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ заттар тәркіленді. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 337 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.