Ауыл тұрғыны ұрланған ұялы телефонның мобильдік қосымшасы арқылы жәбірленушінің жинаған зейнетақысын шешіп алған.

Ауыл тұрғыны ұрланған ұялы телефонның мобильдік қосымшасы арқылы жәбірленушінің жинаған зейнетақысын шешіп алған.

Қарағанды облысы, Қарқаралы аудандық полиция бөліміне ауданға қарасты ауылдың 63 жастағы зейнеткері арызбен шағымданды. Жәбірленуші полиция қызметкерлеріне абайсызда ұялы телефонын жоғалтып алғанын, кейін сол телефонның мобильдік қосымшасы арқылы белгісіз біреу соңғы төрт айда жинақталған 660 мың зейнетақысын шешіп алғанын айтты.Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 27 жастағы азамат ұсталды. Тергеу әрекеттері барысында жәбірленуші ұялы телефонды жоғалтпағаны, керісінше күдікті оны ұрлап алғаны белгілі болды. Кейін күдікті ұрланған ұялы телефонның мобильдік қосымшасы арқылы барлық ақшаны шешіп алған.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу әрекеттері жүргізілуде.