Теміртауда дәмханадан ұрлық жасағандар ұсталды.

Теміртауда дәмханадан ұрлық жасағандар ұсталды.

Теміртау қалалық полиция басқармасына 32 жастағы қала тұрғыны арызбен шағымданды. Жәбірленуші азаматша қаладағы дәмханалардың бірінде әкімші болып қызмет атқаратыны белгілі болды. Таңертеңгілік уақытта жұмысқа келгенде, белгісіз біреулер дәмхананың терезесін бұзып, ішінен ыдыс аяқ, жылыту құрылғысы, құрылыс материалдарын ұрлап кеткен. Келтірілген шығын көлемі 885 мың теңгені құраған.
Оқиға орынына тексеру жұмыстарын жүргізген полиция қызметкерлері ұрлықты жалғыз адам жасамағандығы туралы болжамға келді. Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді іс-шаралар барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 32 жастағы екі азамат ұсталды. Олар мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ заттар тәркіленді. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.