
Қарағанды қаласы Михайлов полиция бөліміне 38 жастағы қала тұрғыны арызбен жүгінді. Ол өзінің кәсіпкер екенін және жуғыш заттар өндірісінің бизнес құрылымын басқаратынын айтты. Ер адам біреудің кеңсеге кіріп, ноутбук пен ұялы телефонды ұрлап кеткенін хабарлады. Шығын сомасы 160 мың теңгені құрады. Жедел-іздестіру іс – шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері аталған қылмысты жасады деген күдікпен 33 жастағы ер адамды ұстады. Белгілі болғандай, кәсіпорынға ол сынақ мерзімінен өту шартымен келген. Бірақ тағылымдамашы оны кәсіби тұрғы да өте алмады. Кәсіпкердің жоқтығын пайдаланып, ұры басшының кеңсесінен ноутбук пен ұялы телефонды алған. Заттай дәлелдемелер тәркіленді. ҚР ҚК «Ұрлық» 188-бабы бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.