
Теміртау қалалық полиция басқармасына қарасты Ескіқалалық полиция бөліміне 35 жастағы қала тұрғыны арызбен шағымданды. Жәбірленуші азаматша жер үйде тұрады. Ол бірнеше күн өзінің танысының үйінде қонақта болған. Арыз беретін күні үйіне келгенде үйге белгісіз біреулердің кіргенін байқаған. Ұрылар үйдің есігін бұзып кіріп, үйден жылы қазандығын ұрлап әкеткені анықталды. Келтірілген шығын көлемі 310 мың теңгені құрады. Полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел –іздестіру іс-шаралар барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 19 бен 22 жас аралықтарындағы үш азамат ұсталды. Олар үй иесінің үйде болмағанын біліп ұрлық жасағанын және жылу қазандығын темір алатын жерге тапсырмақшы болғандықтары туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. Айғақ заттар тәркіленді. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлерімен күдіктілердің осыған ұқсас басқада қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.