Қарағандыда жасөспірімнің ұялы телефонын тартып алып, ломбардқа тапсырып жіберген күдіктілер ұсталды.

Қарағандыда жасөспірімнің ұялы телефонын тартып алып, ломбардқа тапсырып жіберген күдіктілер ұсталды.

Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты Орталық полиция бөліміне 22 жастағы қала тұрғынынан арыз түсті. Жәбірленуші кешкі сағат 18.30 шамасында қала көшелерінің бірінде келе жатқанда белгісіз екі азамат оған күш қолданып, қолындағы ұялы телефонын тартып әкеткен. Келтірілген шығын көлемі 40 мың теңгені құрады. Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді іс-шаралар барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 25 жастағы екі азамат ұсталды. Олар ұрланған ұялы телефонды ломбардқа ақшаға өткізіп жібергені туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 191 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу әрекеттері барысында полицейлер ұсталған азаматтардың бопсалау фактісіне қатысы барын анықтады. Тергеу амалдары жалғасуда.