Қарағандыда тағылымдамадан өтуші жалған келісім-шарт арқылы 600 мың теңге ақшаны қолды қылды.

Қарағандыда тағылымдамадан өтуші жалған келісім-шарт арқылы 600 мың теңге ақшаны қолды қылды.

Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты Михайлов полиция бөліміне жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің бірінің басшылығы арызбен шағымданды. Белгілі болғандай, серіктестік косметикалық тауарлар сатумен айналысқан. Белгісіз біреу серіктестіктің туралы ақпаратты қолдана отырып, жалған келісім-шарт жасап 600 мың теңге ақшаны қолды қылған. Криминалдық полиция қызметкерлерімен «Anti-fraud» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен, сол серіктестікте тағылымдамадан өтіп жатқан 33 жастағы азамат ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін берді. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 190 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.