Қарағандыда такси жүргізушімен зейнеткерге шабуыл жасаған бұзақылар ұсталды.

Қарағандыда такси жүргізушімен зейнеткерге шабуыл жасаған бұзақылар ұсталды.

Кешкі сағат 20:30 шамасында Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты орталық полиция бөліміне Гоголь көшесінің бойында бірнеше адамның қатысуымен жанжал болғандығы туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орынына қалалық полиция басқармасының патрульдік полиция полкінің жасағы жіберлді. Белгілі болғандай 53 жастағы такси жүргізуші тапсырыс орындау барысында 63 жастағы зейнеткерді мекен-жайынан әкетіп бара жатқан. Осы уақытта оларға белгісіз біреулер тап беріп, соққы жасап, оқиға орынынан іздерін жасырған. Полиция қызметкерлерімен ізін суытпай осы іске қатысы бар деген күдікпен 44 және 48 жас аралығыдағы екі азамат ұсталды. Олар оқиға болар алдында өздерін біреулер балағаттағанын, қараңғыда жәбірленушілерді сол адамдармен шатастырып алғандығы туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 293 бабына сәйкес қылмыстық іс тіркелді. Тергеу әрекеттері жүргізілуде.