Халықаралық Әйелдер мерекесі қарсаңында Қарағанды облыстық полиция департаментінде нәзік жанды пагон таққан арулардың арасында жауынгерлік қарудан оқ ату бойынша жарыс бойып өтті. Аталған шараға 9 команда қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша макаров тапаншасынан 1 жаттығу орындау бойынша бірінші орынды Зарина Рахат (Оңтүстік-шығыс ПБ) қанжығасына байласа, екінші орынды Татьяна Акимова (Абай аудандық ПБ), ал үшінші орынды Мадина Тойшибекова (Жаңа-Майқұдық ПБ) иеленді. Макаров тапаншасынан 5 жаттығуды орындау жарысы бойынша жүлделі бірінші орынды Гүлім Жұманова (облыстың ПД әкімшілік полиция басқармасы) иеленсе, екінші орынды Мадина Тойшибекова (Жаңа-Майқұдық ПБ), ал үшінші орынды Зарина Рахат місе тұтты. Жалпы командалық орындарға келер болсақ, бірінші орынды Жаңа-Майқұдық полиция бөлімінің нәзік жандылары жеңіп алса, екінші орынды Оңтүстік-Шығыс полиция бөлімі ал үшінші орынды облыстың ПД әкімшілік полиция басқармасының командасы жеңіп алды.