Қарағандыда жалдамалы пәтерден теледидар ұрлап әкеткен азамат ұсталды.

Қарағандыда жалдамалы пәтерден теледидар ұрлап әкеткен азамат ұсталды.

Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты Оңтүстік-шығыс полиция бөліміне 46 жастағы қала тұрғыны арызбен шағымданған. Жәбірленуші азаматша жер үйде тұрғандықтан бос тұрған пәтерін жалға беретіні белгілі болды. Пәтерін жалға алған белгісіз азамат оған екі тәулікке пәтер ақысын төлеген. Сондықтанда жәбірленуші одан ешқандай құжат сұрамаған. Арызданушы пәтерін жалға алу күні аяқталған кезде үйіне келсе, жалдап алушы ол жерден құны 100 мың теңге тұратын теледидарын ұрлап әкеткен. Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген «Пәтер» жедел алдын алу іс-шарасы барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 51 жастағы азамат ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ заттар тәркіленді. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188 бабына сәйкес іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.