Қарағандылық тергеуші Банконгте джиу-джитсуден өткен Азия чемпионатында алтыннан алқа тақты.

Қарағандылық тергеуші Банконгте джиу-джитсуден өткен Азия чемпионатында алтыннан алқа тақты.

Тайланд астанасы Банконг қаласында джиу-джитсуден өткен Азия чемпионатында Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты оңтүстік-шығыс полиция бөлімі, тергеу бөлімшесінің тергеушісі Аян Әмзе алтын медальға ие болды. Аталған байрақты бәсекеге 30 мемлекеттен 600 спортшы қатысқан. Біз Азия чемпионатының жеңімпазымен байланысқа шықтық. -Сіз үшін бұл күткен жеңіспе әлде ойында көрсеткен жетістік пе? -Мен тек финалға өтемін деп ойладым. Алтын медальға талас кезінде бұрын қарсылас болған Тайландықпен кездестім. Мен онымен былтырғы жылы өткен Азия чемпионатында бақ сынасқам. Алайда ол жолы төрешілердің қарсыласыма бүйрегінің бұруынан біздің ойынға әділ бағасы берілмеген еді. Кеше кезекті кездесуіміз өтті. Алтын медаль ұтып алғаныма қуаныштымын,-деді Аян. Аян, Қазақстан құрама командасының ішінде чемпион атанған жалғыз қыз. Спортпен осыдан алты жыл бұрын мектеп оқып жүргенде айналыса бастаған. Ал, Қазақстан Республикасы ІІМ Қарағанды академиясында оқып жүргенде джиу-джитсумен айналысып, жетістіктерге жете бастаған. Тергеушінің алдағы жоспары әлем чемпионатына қатысу.