Теміртау қалалық полиция басқармасы есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл бөліміне қаладағы сауда орындарының бірінде тазартылмаған апиын болуы мүмкін деген ақпарат түсті. Аталған ақпарат бойынша жұмыс істеу барысында тәртіп сақышларымен сауда дүкендерінің бірінен жалпы салмағы 25 келі 5 қап тағамдық көкнәр тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес тағамдық көкнәрде 5 келі 800 гр. тазартылмаған апиын қоспасы болған. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 296 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу әрекеттері жүргізілуде.