Қарағандыда әлеуметтік желі арқылы жүргізуші куәлігін «рәсімдеген» алаяқ ұсталды.

Қарағандыда әлеуметтік желі арқылы жүргізуші куәлігін «рәсімдеген» алаяқ ұсталды.

Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты октябрь полиция бөліміне 43 жастағы қала тұрғыны арызбен шағымданды. Ол арызында алаяқтың құрбаны болғаны туралы көрсеткен. Белгілі болғандай, жәбірленуші өзіне жүргізуші куәлігін алмақшы болған. Сөйтіп, куәлікті заңды түрде алудың орынына, құжатты жеңіл жолмен қолға алуды көздеген. Әлеуметтік желілердің бірінен ол еш кедергісіз куәлік жасаймын деген адамды тауып, қызметі үшін 200 мың теңге ақша аударған. Желі арқылы қомақты қаржыны қолға түсірген белгісіз азамат кейін байланысын үзіп, жәбірленушіні алдап кеткен. Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 43 жастағы күдікті ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін берді. Күдіктіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 190 бабына сәйкес қозғалған қылмыстық істі тергеу барысында полиция қызметкерлері ұсталған азаматтың осыған ұқсас тағыда 3 қылмысқа қатыстылығын анықтады. Күдікті алдаған азаматтарға жалпы соммасы 580 мың теңге залал келтірген. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасуда.