
Қарағанды облысы, Шет аудандық полиция бөліміне 40 жастағы ауыл тұрғынының арызы келіп түсті. Белгілі болғандай жәбірленуші алаяқтың құрбаны болған. Белгісіз азамат ауылға келіп жәбірленушіден жылқы сатып алуға келісіп, ақысын бірер күнде беремін деген. Алаяқтың сөзіне сенген мал иесі оған үш жабағы сатқан. Малдарды алғаннан кейін «сатып алушы» жәбірленушімен байланысын үзіп, хабарсыз кеткен. Ауыл тұрғынына келтірілген шығын 630 мың теңгені құраған. Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 32 жастағы Астана қаласының тұрғыны ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін берді. Полиция қызметкерлерімен аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 190 бабына сәйкаес қылмыстық іс қозғалып, істі тергеу барысында күдіктінің осыған ұқсас сол ауданда жасалған тағыда 3 қылмысқа қатысы бары анықталды. Осындай алдау жолымен алаяқ ауданнан бас –аяғы 10 бас жылқы әкеткен. Барлық жәбірленушілерге келтірілген шығын 5 миллионнан асқан.