Қарағанды облысының полицейлері ауыл тұрғынының үйінен алтын бұйымдар ұрлаған күдіктіні ұстады.

Қарағанды облысының полицейлері ауыл тұрғынының үйінен алтын бұйымдар ұрлаған күдіктіні ұстады.

Қарағанды облысы, Ақтоғай аудандық полиция бөліміне 44 жастағы ауыл тұрғыны арызбен шағымданды. Жәбірленуші азаматша танысының үйінде қонақта болғанда, белгісіз біреу оның үйде жоқтығын пайдаланып, үйіне ұрлыққа түсіп, үйінен алтын бұйымдарын ұрлап әкеткен. Оған келтірілген шығын көлемі 250 мың теңгені құраған.
Оқиға орынына тексеріс жүргізген полиция қызметкерлері ұрланған затты ауданнан бірнеше шақырым жерде орналасқан Балқаш қаласына тапсыруы мүмкін деген болжам жасады. Кейін олар Балқаштағы осындай бірнеше ломбардқа тексеріс жұмыстарын жүргізіп,біреуінен жәбірленушіге тиесілі алтын бұйымдарды тапты. Кейін оны кім өткізгені белгілі болды. Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 41 жастағы азамат анықталып ұсталды. Олар мойындау көрсетпе белгілерін берді. Айғақ заттар тәркіленді.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.