Қарағанды облысында жүргізуші куәлігін алып беремін деп алдаған ауыл тұрғыны ұсталды.

Қарағанды облысында жүргізуші куәлігін алып беремін деп алдаған ауыл тұрғыны ұсталды.

Қарағанды облысы, Осакаров аудандық полиция бөліміне 36 жастағы ауданға қарасты ауыл тұрғынынан арыз түсті. Жәбірленуші азаматшаның интернет-алаяқтарының құрбаны болғандығы анықталды. Азаматшада автокөлігі болғанымен жүргізуші куәлігі болмаған. Сондықтанда ол бұл сұрақты шешу үшін интернет желісінен жүргізуші куәлігін алу үшін сынақ тапсыру бойынша хабарлама тауып алған. Хабарлама берушімен сөйлескенде оның мәселесін шешуге болатынын және ол үшін 180 мың теңге ақы төлеу керектігін айтқан. Сөйтіп, жәбірленуші келісілген қаражатты аударған. Алайда ақша аударғаннан кейін өзіне қажетті қызметті ала алмаған. Сондықтанда жәбірленуші өзін алдағандардың аудан тұрғыны болуы мүмкін деген ниетпен полицияға арызданған.
Осакаров аудандық полиция бөлімі қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 31 жасар азаматша ұсталып, мойындау көрсетпе белгілерін берді. Полиция қызметкерлерімен аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 190 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Істі тергеу барысында ұсталған азаматшаның осыған ұқсас тағыда 6 қылмысқа қатыстылығы бары анықталды. алаяқтың арбауына аудан және Қарағанды қаласының тұрғындары түскен. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.