Шахтинск қаласында тонау жасаған күдікті жәбірленушінің ұялы телефоны арқылы депозитінде тұрған ақшасын шешіп, тағыда екі несие рәсімдеген.

Шахтинск қаласында тонау жасаған күдікті жәбірленушінің ұялы телефоны арқылы депозитінде тұрған ақшасын шешіп, тағыда екі несие рәсімдеген.

Қарағанды облысы, Шахтинск қалалық полиция бөліміне 35 жастағы қала тұрғыны арызбен шағымданды. Жәбірленуші полиция қызметкерлеріне белгісіз біреу ашық түрде құны 70 мың теңге тұратын ұялы телефонын тартып әкеткенін айтқан. Кейін сол ұялы телефонның мобильдік қосымшасы арқылы жәбірленушінің депозитінен 3 миллион 500 мың теңге ақша шешіп алынған. Сондай-ақ, араға бірнеше уақыт салып ұялы телефон арқылы жәбірленушінің атына жалпы құны 3 миллион 750 мың теңгеге екі несие рәсімделген. Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 24 жастағы күдікті ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін берді. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 191 және 188 бабтарына сәйкес қылмыстық істер қозғалып, тергеу әрекеттері жүргізілуде.