Қарағанды облысында кеңседен бағалы заттар ұрлаған күдікті қамауға алынды.

Қарағанды облысында кеңседен бағалы заттар ұрлаған күдікті қамауға алынды.

Теміртау қалалық полиция басқармасына қарасты шығыс полиция бөліміне сол аумақта орналасқан Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бірінде қызметкерлердің жоқтығын пайдаланған белгісіз біреу кеңседен бағалы заттар ұрлап кеткені туралы хабарлама түсті. Келтірілген шығын көлемі 2 миллион 500 мың теңгені құраған. Ұрлық таңертеңгілік сағат 10.00 мен 2.00 аралығында болған. Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 40 жастағы Қарағанды қаласының тұрғыны ұсталды. Ұсталған азамат мойындау көрсетпе белгілерін берді. Ол алдын-ала сол жауапкершілігі шектеулі серіктестікке клиент ретінде барып, ұрлауға келетін заттарды көрген.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.