Қарағандыда танысының 2 миллионнан астам ақшасын ұрлап әкеткен күдікті ұсталды.

Қарағандыда танысының 2 миллионнан астам ақшасын ұрлап әкеткен күдікті ұсталды.

Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты октябрь полиция бөліміне 27 жастағы қала тұрғыны хабарласып, белгісіз біреулер үйінен 2 миллион 140 мың теңге ақша ұрлап кеткені туралы арызданды. Оқиға орынына жедел-тергеу қызметкерлері жіберілді. Полиция қызметкерлерімен қылмыс болған жерді қарау барысында ешқандай қылмыс іздерін таппады. Үйдің құлпы сынбаған. Сондықтанда полицейлер бұл қылмысты жәбірленушіні танитын біреу жасады деген болжамға келді. Жан-жақты ақпарат жинау барысында полиция қызметкерлері сол пәтерде жәбірленушінің 31 жастағы танысының тұрғанын және қылмыс болған күні оның да үйден кетіп қалғанын анықтады. Криминалдық полиция қызметкерлерімен қылмысты ашу бойынша жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жәбірленушінің 31 жастағы танысы күдікті ретінде ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ заттар тәркіленді.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.