Қарағанды облысы ПД жауынгерлік және еңбек даңқы мұражайында ерлік сабағы өтті, оның тақырыбы Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін шығару болды.
Бұл дәл 34 жыл бұрын – 1989 жылы 15 ақпанда болған еді. Іс-шараның негізгі кейіпкерлері әскери бөлімшелер құрамында да, кеңесшілер ретінде де ауған соғысына қатысқан Қарағанды облысының Ішкі істер органдарының ардагерлері болды.
- Біз үшін бұл айтулы күн. Сол соғысқа қазақстандықтар да қатысты. Олардың арасында кейіннен құқық қорғау органдарында қызметін жалғастырғандар да бар. Бүгін біздің қонақтарымыз Ауған жауынгерлері-Марат Сүлейменов, Рустам Ербутаев, Төлеуғазы Мұсатаев, Қуат Шоменов болды. Олар жас ұрпақты патриоттық тәрбиелеуге белсенді қатысуда. Ол үшін облыс ПД басшылығының атынан оларға шын жүректен алғысымды білдіремін, - деп Қарағанды облысының ПД кадр саясаты басқармасы бастығының орынбасары Ғабит Дильмаганбетов ардагерлерді жас қызметкерлерге және Қарағанды қаласының № 21 орта мектебінің кадеттеріне таныстырды.Марат Сүлейменов-отставкадағы милиция полковнигі, Қызыл Жұлдыз орденімен, 14 медальмен, оның ішінде Ауғанстан Демократиялық Республикасы Үкіметінің 4 медалімен марапатталған Қарағанды облыстық атқару комитеті ІІББ бастығының бұрынғы орынбасары.
- Ауғанстандағы оқиғалар туралы сіз фильмдер, кітаптар, мақалалар арқылы білесіз. Бірақ ол жерде естімеген бөлімшелер болды. Атап айтсақ, КСРО ІІМ-нің Ауғанстандағы өкілдігі туралы. Оның мақсаты – осы елдің ішкі істер органдары-царандойды ұйымдастыру. Өкілдікте барлығы 703 адам болды. Олардың 400-і Кабулда болған, қалғандары провинцияларда болды. Үш қарағандылық-болашақ милиция генерал-майоры Владимир Шумиленко, Виктор Вениченко және мен Мазари-Шариф провинциясына іссапарға жіберілдік. Мұнда біз царандойдың жаңа құрылымдарын ұйымдастырдық - барлығы 17 аудандық бөлімше болды, - деді М.Сүлейменов. Ардагер жас қызметкерлерге және кадеттерге оқуда озат, өз ісінің нағыз шебері кәсіпқой полицей болуға ұмтылуға тілек білдірді.
- Құрметті Ауғанстан ардагерлері, жас қызметкерлер, кадеттер! Биыл Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 34 жыл толды. Мен біздің елімізде бейбітшілік болғанын, жас ұрпақтың ешнәрсе зәру болмағанын тілеймін. Ал кадеттер өздерінің білім деңгейін көтергендерін қалаймын. Білімсіз ештеңеге қол жеткізу мүмкін емес. Жас қызметкерлер бәрі сіздерге байланысты. 1974 жылы ІІМ Қарағанды жоғары милиция мектебін бітірдім. Бұл оқу орнының алғашқы түлектері болды. Мен ешқашан полковник боламын деп ойлаған емеспін. Сондықтанда алдарыңызға мақсат қойып, оған қол жеткізіңіздер, - деді Қарағанды облысының Ішкі істер органдары мен ұлттық ұлан ардагерлер кеңесінің төрағасы Жұман Нұрпейісов. -Құрметті батырларымыз, сондай-ақ жас қызметкерлер, кадеттер! Бүгін айтулы күн. Он жыл бойы Ауғанстанда соғыс болды. Қарағанды облысында ұлдарын жіберген көптеген отбасылар бар. Біздің ардагерлеріміз соғыстың барлық қиыншылықтарынан өтіп, тірі қалып, үйлеріне оралып, ішкі істер органдарында қызметін жалғастырғанына қуаныштымын. Сіздерге мықты денсаулық, ұзақ өмір тілеймін. Балаларыңыз, немерелеріңіз табысты болсын. Ал жас қызметкерлер үлкендердің лайықты үлгісіне ие бола отырып, адал, лайықты қызмет етіп, жетістікке жетсін. Сондай-ақ курсанттарға айтарым бар. Мүмкін сіздердің барлығыңыз полиция қызметіне келмейтін шығарсыздар. Алайда, қазір құқық нормаларын меңгере отырып, республиканың лайықты азаматтары болыңыздар, оны өз істеріңізбен, лайықты жұмыстарыңызбен даңқын шығарыңыздар, - деп отставкадағы әділет полковнигі, халықаралық полиция қауымдастығының облыстық филиалының төрағасы Ася Хегай өз жүрек жарды тілегін білдірді