Қарағандылық полицейлер пәтер ұрлығымен айналысқан Балқаш қаласының тұрғынын ұстады.

Қарағандылық полицейлер пәтер ұрлығымен айналысқан Балқаш қаласының тұрғынын ұстады.

Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты октябрь полиция бөліміне 29 жастағы қала тұрғынынан арыз түсті. Жәбірленуші азаматша полицейлерге танысының үйіне қонаққа кеткенде белгісіз біреу үйінен ойын қосымшасымен ноутбук ұрлап әкеткені туралы хабарлады. Оған келтірілген шығын көлемі 650 мың теңгені құрады. Оқиға орынына жедел-тергеу қызметкерлері жіберілді. Пәтерді қарау барысында полиция қызметкерлері ұрлының үйге кілт таңдау арқылы кіргенін анықтады. Криминалдық полиция қызметкерлерімен қылмысты ашу бойынша жүргізген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 25 жастағы Балқаш қаласының тұрғыны ұсталды. Ол кеншілер астанасына ұрлық жасауға келгендігі туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. Айғақ заттар тәркіленді. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта полицейлер күдіктінің осыған ұқсас өзгеде қылмыстарға қатыстылығын тексеруде.