Қарағандылық полицейлер бір түн ішінде полицияның есебінде тұрған 250 тұлғаны тексерді.

Қарағандылық полицейлер бір түн ішінде  полицияның есебінде тұрған 250 тұлғаны тексерді.

Қоғамдық қауіпсіздікті қадағалау, қылмыстың алдын алу, есепте тұрған тұлғаларды тұрғылықты мекен-жайы бойынша тексеріс жұмыстарын жүргізу мақсатында, сенбі күні Окбярь полиция бөлімінің қызметкерлері кешенді профилактикалық іс-шаралар жүргізді. Аталған аумақта бүгінгі таңда 85 мың халық тұрады. Полицияның есебінде әртүрлі санат бойынша есепке алынған 600 тұлға, 45 қолайсыз отбасы және 21 кәмелетке толмаған жасөспірімдер бар. Ағымдағы жылдың екі айында аудан тұрғындары тарапынан 590 құқық бұзушылық жасалып, 40 адам әкімшілік қамауға алынған. Осындай құқық бұзушылыққа жол бермеу мақсатында, учаскелік полиция және кәмелеттік жасқа толмағандармен жұмыс істеу тобының қызметкерлері әкімшілік қызметкерлерімен бірлесіп, бірнеше топқа бөлініп, есепте тұрған тұлғаларды тексеріп, олармен профилактикалық әңгіме жұмыстарын жүргізді. Мәселен, кешенді жұмыстар барысында тәртіп сақшылары Курьянов кентінде бірнеше мекен-жайды тексерді. Тексеріс кезінде сол ауылда тұратын пәтерлердің біріне бұрын көршілер тарапынан бірнеше рет түнгі уақытта шу шығару бойынша арыз түскен болатын. Сол мекен-жайға барған тәртіп сақшылары пәтердетағыда ішімдік ішіп жатқан ортаға түсті. Үйдегі өзге азаматтарды пәтерден шығарып жіберген сақшылар, үй иесімен әңгіме жүргізіп, алдағы уақытта бұндай жағдайлардың болмауын басты назарға ұстауды тапсырды.
Сонымен қатар тәртіп сақшылары есепте тұрған қолайсыз отбасыларға да тексеріс жұмыстарын жүргізді. Тәртіп сақышлары бұған дейін үйіне шағын жөндеу жұмыстарын жүргізіп берген отбасы, сақшыларға дұрыс жолға түсіп, жұмысқа тұруға уәде беріп, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комисия мүшелерінен де ескерту алған еді. Алайда тексеріс барысында үйде тек балалар ғана болып, анасы үйде болмай шықты. Үйдің іші лас, ал балалары әліде болса бұл үйге өзге біреулердің келіп, ішімдік ішетінін айтты.
Кешенді профилактикалық іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері жалдамалы пәтерлерге де тексеріс жүргізді. Олардың бірі Октябрь полиция бөлімі қызметкерлері қызмет көрсететін аумақта орналасқан 3 бөлмелі пәтер. Бұған дейін бұл пәтерде тыныштықты бұзу бойынша 6 дерек тіркелген еді. Сақшылар үйде тұрып жатқандармен профилактикалық әңгіме жүргізіп, алдағы уақытта тыныштықты бұзған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылатындығы туралы қатаң ескертті. Сенбі күні жасалған кешенді іс-шаралар барысында әртүрлі есепте тұрған 250 тұлға, 33 жалға берілетін пәтер тексеріліп, әртүрлі санаттағы 24 құқық бұзушылық анықталса, қоғамдық орындарда ішімдік ішкен күйде болудың 6 дерегі бойынша адамдар уақытша оңалту орталығына қамалса, 1 құқық бұзушы уақытша ұстау орынына жатқызылды.