Қарағанды қалалық полиция басқармасы, патрульдік полиция полкінің жасағы Бұқар-Жырау даңғылының бойында қызмет атқару барысында, аталған аумақтағы көп қабатты үйлердің бірінің маңынан күдік тудырған азаматты байқады. Кейін, полиция қызметкерлері 32 жастағы күдік тудырған азаматты ұстады. Оны тексеру барысында тәртіп сақшылары азаматтан 39 орам ұнтақ тәрізді заттар тәркіледі. Күдікті бұл заттарды тауып алдым деп полицияны сендірмекші болды. Жүргізілген сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген ұнтақ заттар 7,28 гр. психотропты синтетикалық есірткі зат екені анықталды. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 296 бабы 4 тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Күдіктіге қатысты қамауға алу бұлтартпау шарасы қабылданды.