
Теміртау қалалық полиция басқармасына қарасты Шығыс полиция бөліміне 64 жастағы қала тұрғыны арызбен шағымданды. Зейнеткер қалада белгісіз бір азаматпен танысқан. Кейін соңғысы ішімдік заттарын алып, оны үйіне қонаққа шақырған. Үстел басында кездейсоқ танысқан азамат жәбірленушіге дене жарақаттарын келтіріп, ішінде ұялы телефонымен құжаттары бар сөмкесін тартып әкеткен. Келтірілген шығын көлемі 72 мың теңгені құрады. Жәбірленуші полиция қызметкерлеріне күдікті туралы ешқандай мәлімет бере алмады. Сондай-ақ, қылмыс болған пәтердің мекен –жайын да нақты айта алмады.
Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 45 жастағы азамат ұсталып мойындау көрсетпе белгілерін берді. Айғақ заттар тәркіленді. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 191 бабына сәйкес іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.