Қарағандыда көлікті айдап әкетуші апатқа ұшырап, содан кейін ол көлікті бұрынғы орнына қайтарған

Қарағандыда  көлікті айдап әкетуші апатқа ұшырап, содан кейін ол көлікті бұрынғы орнына қайтарған

Қарағанды қаласы ПБ Орталық полиция бөліміне қала аудандарының бірінде автокөлік ұрланғаны туралы хабарлама келіп түсті. 48 -жастағы жәбірленуші «ГАЗель» көлігін көпқабатты үйдің ауласына қойғанын айтты. Көп ұзамай ер адам көлігінің жоғалып кеткенін байқады. Келтірілген шығын 14 миллион теңгені құрады. Біраз уақыттан кейін «ГАЗель» бұрынғы орнында қайта пайда болды, бірақ зақым келтірілгенін көрді. Полицейлер бұл көлік көшелердің бірінде джиппен соқтығысып, жол-көлік оқиғасы болған жерден қашып кеткенін анықтады. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті 44 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол өзгенің көлігіне мініп, жүргізіп көрмек ойы болғанын айтып, кінәсін мойындады. Бірақ жол-көлік оқиғасы орын алғанда, жауапкершіліктен құтылу үшін «ГАЗель» көлігін бұрынғы орнына қойып қойған. ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабының «Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу”бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.