Қарағанды облысында ауыл тұрғыны кафеден барлық алюминий ыдыстарын ұрлап кеткен

Қарағанды облысында ауыл тұрғыны кафеден барлық алюминий ыдыстарын ұрлап кеткен

Қарағанды облысындағы дәмханалардың бірінен ауыл тұрғыны алюминийден жасалған барлық ыдыстарды ұрлап кеткен Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Ғ.Мұстафин атындағы кенттік полиция бөліміне елді мекендердің бірінің 66 жастағы тұрғыны жүгінген. Анықталғандай, ер адам жеке кәсіпкер және меншік иесі болып шықты.Түнде ойын-сауық мекемесі жабылған кезде белгісіз біреу ас үйге кіріп, барлық алюминий ыдыстарды: қазан, шөміш, тәрелкелерді ұрлап кеткен. Келтірілген шығын мөлшері 80 мың теңгені құрады. Жедел іздестіру іс-шараларының барысында криминалдық полиция қызметкерлері ізін суытпай күдікті 26 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады.Ол ұрланған ыдыстарды металл сынықтарын қабылдау пунктіне тапсыруды жоспарлағанын мойындады. Заттай айғақ алынды. ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.