
Өткен жылдың желтоқсан айында Қарағанды облысының Саран қаласында, қаланың 47 жастағы тұрғыны түнгі уақытта спирттік ішімдіктерді сату есебінен баюға шешім қабылдаған. Бұл мәселені шешу үшін әйел адам өз таныстарына жүгінген. Сонымен, қала сауналарының бірінің әкімшісі түнде сәлемдемелер ала бастаған. Сәлемдемелерді жергілікті таксидің курьерлік қызметі тасымалдаған. Саран қаласының ПБ қызметкерлері ақпараттың растығын тексере келе, куәгерлермен сұхбаттасып, бұлтартпас дәлелдерді анықтады. Олар келесі сәлемдемені күте бастады. Ұзақ күтудің қажеті болған жоқ. 2023 жылғы қаңтарда Заңсыз кәсіпкерлік қызметі және алкоголь өнімін сатқаны үшін сот "кәсіпкерге" 53 мың теңгеден астам сомаға айыппұл салды.
Өткен жылы Саран қаласының полицейлері "кешкі сағат 23.00 – ден таңертенгі 08.00-ге дейін алкоголь өнімін бөлшек саудада сату" бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 200-бабының талаптарын бұзған 16 фактіні анықтаған.