Теміртаулық полицейлер жалған коммуналдық қызметтің қызметкерлерін қолға түсірді.

Теміртаулық полицейлер жалған коммуналдық қызметтің қызметкерлерін қолға түсірді.

Теміртау қалалық полиция басқармасына қарасты ескіқалалық полиция бөліміне 74 жастағы қала тұрғыны арызбен шағымданды. Азаматша арызында өзінің пәтеріне белгісіз ер адаммен азаматшаның өздерін коммуналдық қызмет мамандарымын деп кіргенін көрсеткен. Кейін олар зейнеткерге суық судың есеп құрылғысын ауыстыру керектігін, оны ауыстыру үшін суық және ыстық судың берілуін тексеру керектігін айтып үйде жоғарыда айтылған жұмыстар жүргізген. Алайда, олар кеткеннен кейін жәбірленушінің жинаған 280 мың теңге ақшасы жоғалып кеткен. Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді іс-шаралар барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 28 жастағы азаматпен 27 жасар әйел адам ұсталды. Олар жасаған қылмыстары туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.