Қарағандыда пәтер ұрлығымен айналысқан қос азамат ұсталды.

Қарағандыда пәтер ұрлығымен айналысқан қос азамат ұсталды.

Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты орталық полиция бөліміне 38 жастағы қала тұрғыны арызбен шағымданды. Жәбірленуші арызында белгісіз біреулер өзіне тиесілі жер үйге ұрлыққа түсіп, жатын бөлмеден күміс жинақтарын алып кеткені туралы шағымданған. Келтірілген шығын көлемі 50 мың теңгені құраған.
Оқиға орынына тексеріс жұмыстарын жүргізген жедел-тергеу тобының қызметкерлері күдіктілердің екі адам болғаны туралы айғақтар тапты. Ұрылардың үйге терезені бұзып кіргені белгілі болды. Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен жүргізілген кешенді іс-шаралар барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 27 -28 жас аралықтарындағы екі азамат ұсталды. Олар мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ заттар тәркіленіп алынды. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлерімен күдіктілердің осыған ұқсас басқада қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.