Жыл басынан бері Қарағанды облысында түнгі уақытта 100-ден астам кәмелетке толмаған бала ұсталды

Жыл басынан бері Қарағанды облысында түнгі уақытта 100-ден астам кәмелетке толмаған бала ұсталды

 Құқық қорғау органдарының басты міндеттерінің бірі-балалар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу. Полиция қызметкерлері демалыс күндері кәмелетке толмағандардың алкогольді, есірткі және психотроптық заттарды тұтыну, олардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде және үйден тыс жерде болу фактілерін анықтау және жолын кесу бойынша тұрақты негізде рейдтік іс-шаралар өткізеді. Жыл басынан бері Қарағанды облысында кәмелетке толмағандар арасында "кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жерде болуы"ҚР ӘҚБтК 442-бабы бойынша 100-ден астам құқық бұзушылық жасалды. Сондай-ақ, инспекторлар ойын-сауық орталықтарында түнде болған 7 жасөспірімді анықтады. Оларға жаупты адамдар "кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болуына жол беру"ҚР ӘҚБК-нің 132-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, ата-аналарымен профилактикалық әңгімелер өткізілген, қолайсыз отбасылардан шыққан кәмелетке толмағандар тұрғылықты жері бойынша тексерілді. Осылайша, полицейлер 101 қолайсыз отбасына барып, 83 кәмелетке толмағандарды тексерді. 26 ата-ана ҚР ӘҚБК-нің 127-бабы "кәмелетке толмағанды тәрбиелеу және (немесе) білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау "бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлады облыстың ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы ювеналды полиция бөлімінің аға инспекторы Факизат Тультаева.