Қарағанды облысының полицейлері Есірткі таратқан 246 интернет контентін анықтап, бейтараптандырды

Қарағанды облысының полицейлері Есірткі таратқан 246 интернет  контентін анықтап, бейтараптандырды

Интернет-бұл біздің өмірімізде жиі кездесетін құбылыс. Әр түрлі ақпаратты алу және тарату үшін оны азаматтар да, қылмыстық элемент те де пайдаланады. Қазіргі уақытта қаскөйлер үшін есірткіні таратудың жолының бірі-интернет кеңістігі болып табылады
Осыған байланысты Қарағанды облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері тұрақты негізде интернет мониторингін жүзеге асырады. Оның мақсаты-есірткі құралдарын насихаттау мен таратуды жүзеге асыратын заңсыз контентті анықтау.Тек 2022 жылы "кибернадзор" ақпараттық жүйесіне есірткі құралдарының таралуы туралы мәліметтерді қамтитын 153 ақпараттандыру объектісі енгізілді. Сонымен қатар, "курьерлер"деп аталатын жұмыс ұсынылатын сайттарда 93 жарнама бұғатталған. Сондай-ақ граффити-суреттердің және есірткі сайттарының "QR" кодтарының таралуын болдырмау бойынша шаралар қабылдануда. Өткен жылы есірткіні насихаттайтын сайттарға 1780 адам сілтеме жасаған.