Саран қаласындағы кәсіпорынның бұрынғы қызметкері 4 миллион теңгенің автокөлік бөлшектерін ұрлап кеткен

Саран қаласындағы кәсіпорынның бұрынғы қызметкері 4 миллион теңгенің автокөлік бөлшектерін ұрлап кеткен

Қарағанды облысы Саран қаласының полиция бөліміне кәсіпорындардың бірінен хабарлама келіп түскен: белгісіз біреу қоймадан 65 дана көлемінде арнайы штанг ұрлап кеткен. Бұл бөлшектер адамдарды жұмысқа жеткізетін автобустарға арналған. Келтірілген шығын мөлшері 4 миллион теңгені құрады. Қылмыс орнында полицейлер дөңгелек протекторларының іздерін тапты. Олар ұрының ұрланған мүлікті қандай да бір көлік құралымен алып кеткенін көрсетті. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті 32 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол осы кәсіпорында бұрын жұмыс істегенін, сондықтан оның аумағын жақсы білетінін айтып, мойындады. Қаскүнем ұрланған автокөлік бөлшектерін металл сынықтарына бермек болған. ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.