
Жаңа жылдың бірінші күні, шамамен таңғы сағат 8.30-да Қарағанды облысы Саран қаласының полиция бөліміне Жамбыл көшесіндегі үйлердің бірінің маңында батыл тонау орын алғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына күшейтілген жедел тобы келді.
Жәбірленуші 62 жастағы әйел жұмысқа бара жатқанын түсіндірді. Күтпеген жерден белгісіз біреу оның жанына жүгіріп келіп, қолындағы сөмкені тартып алмақ болған. Бірақ жәбірленуші қарсылық көрсетті. Тонаушы күш қолданып, әйел адамның затын иемденіп, қашып кеткен. Жәбірленуші әртүрлі ауырлықтағы дене жарақатын алған. Әйелдің айтуынша, сөмкеде ұялы телефон мен 20 000 теңге көлеміндегі қолма-қол ақша болған.
Ізін суытпай полиция қызметкерлері 27-жастағы күдіктіні анықтап ұстады. Ол өз кінәсін мойындады. Заттай дәлелдемелер тәркіленді. ҚР ҚК 191 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.