Теміртауда кәсіпорынның күзетшілері металлдың ірі партиясын ұрлап кеткен

Теміртауда кәсіпорынның күзетшілері металлдың ірі партиясын ұрлап кеткен

Теміртау қаласының ПБ хабарлама келіп түсті: кәсіпорындардың бірінде белгісіз біреулер қомақты көлемде металл ұрлап кеткен. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы келді.
Өндіріс аймағында автосамосвал тоқтатылған болып шықты. Көліктің кузовы төбеге дейін түрлі қоқыспен тиелгені күдік тудырмаған сияқты. Бірақ оны жұлып алғанда олар астынан металды тапқан. Сонымен қоса көлік жүргізушісі қашып кеткен. Жәбірленуші тарапы шығын мөлшерін 9,5 млн теңгеге бағалаған. Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында криминалдық полиция қызметкерлері ізін суытпай қашып кеткен 45-жастағы жүргізуші ер адамды ұстады. Белгілі болғандай, бір адамдар өнеркәсіптік аймақтың аумағына кедергісіз кірген осы көлік құралына тапсырыс берген. Көлік үшін "кедергісіз жолды" кәсіпорынның күзетшілері– ұрлықтың бастамашылары аса ірі мөлшерде ұйымдастырған. Күдіктілер – 31 және 45 жастағы екі ер адам-анықталып, полицияға жеткізілді. ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілерге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.