ІІМ-де 2023 жылға арналған басым міндеттер айқындалды

ІІМ-де 2023 жылға арналған басым міндеттер айқындалды

Ішкі істер министрлігінде Кеңейтілген алқа отырысы өткізілді. Шараға орталық аппараттың барлық қызметтерінің, аумақтық полиция және қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің, сондай-ақ ведомстволық оқу орындарының басшылары қатысты.
Жиында өткен жылдың жұмыс қорытындысы қаралып, алдағы уақытта атқарылатын міндеттер айқындалды. Әр салада жеткен жетістіктер аталып өтіліп, кеткен кемшіліктер сараланды.