
Қарағанды қаласы ПБ Октябрь полиция бөліміне 30 жастағы қала тұрғыны арызданған. Ол белгілі бір тұлғаның алаяқтық әрекеттерінің құрбаны болғанын хабарлады. Өтініш беруші 730 мың ресей рублін айырбастауды жоспарлаған. Бұл операцияны еш қиындықсыз аяқтау үшін ер адам делдалдың қызметіне жүгінген. Соңғысы оның сеніміне кіріп сендірген. Валюта иесі банктік өтінімдер арқылы делдал көрсеткен шоттарға қолда бар барлық соманы аударды. Ақырында ол еш нәрсесіз қалды. Келтірілген шығын көлемі 4 млн 600 мың теңгені құрады. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті 28 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол мойындау көрсетпелерін берді. ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.