Теміртауда тұрғын үйдің подьезінде тонаушы зейнеткерге шабуыл жасаған

Теміртауда тұрғын үйдің подьезінде тонаушы  зейнеткерге шабуыл жасаған

Қарағанды облысы ПД Теміртау қаласы Шығыс полиция бөліміне 70-ші орамдағы көпқабатты үйде тонау орын алғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы келді. Анықталғандай, жәбірленуші – 74 жастағы зейнеткер үйіне қайтып бара жатқан. Ол подъезге кірген, сол кезде қасынан өтіп бара жатқан ер адам кенеттен әжесінің қолынан сөмкесін жұлып алып, сыртқа жүгіріп шыққан. Жәбірленушінің айтуынша, сөмкеде құжаттар мен 11 000 теңге көлеміндегі қолма-қол ақша болған. Ол 25-30 жастағы күдіктіні сипаттады. Жедел іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті 30 жастағы ер адамды ұстады. Ол мойындады. Заттай дәлелдемелер алынды. ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы «Тонау» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қаскөйге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Полицейлер оның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы барын анықтады.