Қарағандылық полицейлер заңды талапқа бағынбаған жүргізушілерді жауапкершілікке тартты.

Қарағандылық полицейлер заңды талапқа бағынбаған жүргізушілерді жауапкершілікке тартты.

5 қаңтар күні ауа райының қолайсыздығына байланысты Алматы-Екатеринбург тас жолының Қарағанды және Балқаш қалаларының учаскесі басқада республикалық маңызы бар тас жолдар сияқты жабылған болатын. Азаматтардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында Балқаш қаласынан шыға беріс жолға қалалақы полиция бөлімі қызметкерлерінен блок-бекет қойылды. Полиция қызметкерлерімен жасалған шектеулерге қарамастан үш жүргізуші полицияның заңды талаптарына бағынбай Қарағанды қаласына қарай жолға шығып кеткен. Сол күні сағат 20.00 шамасында полиция қызметкерлерімен Қарағанды қаласында 41 жастағы Астана қаласының тұрғынының басқаруындағы «Хюндай Гретта» автокөлігі тоқтатылды. Көлік тізгінінде отырған азаматшаға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 667 бабына сәйкес хаттама толтырылды. 7 қаңтар күні облыстық Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының іздестіру бөлімі қызмектерлерімен 37 жастағы Түркістан қаласы тұрғынының басқаруындағы «Тайота-Прадо» және 32 жастағы Астана қаласы тұрғынының басқаруындағы «Лада-21144" көліктері анықталды. Құқық бұзушыларға Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 667 бабына сәйкес «Құқық қорғау органы қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбау» хаттама толтырылды. Бұл бабтың санкциясына сәйкес, құқық бұзушыларға айыппұл немесе 15 тәулік қамауға алу әкімшілік жазасы көзделген. Жинақталған материалдар құқық бұзушылардың тұрғылықты жерлері бойынша шешім қабылдау үшін сотқа жіберлді. Қарағанды облыстық Полиция департаменті жүргізушілерден ауа-райы болжамдарына назар аударып, жол жабылған жағдайда жолға шықпауларын сондай-ақ полицияның заңды талаптарын орындауға шақырады.