Қарағандыда өзін әкімдік қызметкерімін деп таныстырған алаяқ тұрғын үй мәселесін шешкен.

Қарағандыда өзін әкімдік қызметкерімін деп таныстырған алаяқ тұрғын үй мәселесін шешкен.

Қарағанды қаласының ПБ Михайлов ПБ 31-жастағы қала тұрғыны жүгінген. Анықталғандай ер адамға пәтер керек болған және ол баспана алудың барлық мүмкін нұсқаларын зерттеген. Шешімін табатын бір адам бар екенін білген. Жәбірленуші өзін әкімшілік қызметкерімін деп таныстырған адаммен хабарласқан.  Бейтаныс адам өзінің мүмкіншіліктерін айтып, қысқа мерзімде көмектесетініне уәде етіп көндірген. Сонымен қоса қызметтері тегін емес екенін меңзеген. Делдалға 2 млн 300 мың теңге беру керек болған. Мәселе іс жүзінде шешілді деп есептеген ер адам оған қажетті соманы берді. Ақшаны алғаннан кейін делдал байланысын тоқтатқан. Алданып қалғанын түсінген жәбірленуші полицияға хабарласқан. Жедел-іздестіру шарасы барысында криминалдық полиция қызметкерлері кінәсін мойындаған 33-жастағы күдікті ер адамды ұстады.  Сотқа дейінгі тергеу барысында полицейлер күдіктінің ҚР ҚК 190 бабы “Алаяқтық” бабы бойынша тағы бір ұқсас қылмысқа қатыстылығын анықтады. Бұл жағдайда қаскүнем пәтер алу сылтауымен жәбірленуші 32-жастағы  қала тұрғынынан 1 млн 100 мың теңге алған.