
Қарағанды қаласының ПБ Оңтүстік-шығыс полиция бөліміне қаланың 61 жастағы тұрғыны жүгінді. Ол екі қабатты зәулім үй салумен айналысатын құрылысшылар бригадасын жалдағанын хабарлады. Бұл нысанға іс жүзінде күзет қойылмаған. Осы жағдайды пайдаланып белгісіз адам, құрылыс аумағына еніп, ондағы барлық құралдарды дәнекерлеу машинасы, электр арасы, плитка кескіш, шынжырлы ара, бұрағыш, қайрау үстелін ұрлап кеткен. Келтірілген шығынның жалпы көлемі 1,5 млн теңгені құрайды. Ең бастысы, нысанда жоспарланған барлық құрылыс жұмыстары құралдарсыз тоқтап қалған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері 16 жастағы күдікті жігітті анықтап,ол мойындау көрсетпелерін берді. Белгілі болғандай, ол құралдарды кейін сату мақсатында бірнеше рет ұрлап әкеткен. Заттай дәлелдемелер алынды. ҚР ҚК-нің 188-бабы "Ұрлық"бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.