
Қарағанды қаласының ПБ Орталық полиция бөліміне үш кәсіпорынның өкілдері жүгінді. Олардың барлығын белгісіз тұлғалар алдағаны белгілі болды. Алаяқтар өздерін танымал фирмалардың дилерлері ретінде таныстыра отырып, өндірісте қолданылатын арнайы сұйықтықтардың едәуір партияларын жеткізуге уәде берген. Олар кәсіпорындармен келісімшарттарға қол қойып, олар бойынша қажетті заттарды жеткізуге міндеттенген.Бұл ретте әлі көрсетілмеген қызметтерге алдын ала ақы төлеу көзделген. Бірақ дилерлер сенім тудырғандықтан, олардың шотына барлығы 10 млн теңге аударылған болатын. Қомақты қаржыға қол жеткізгеннен кейін, алаяқтар байланысқа шығуды тоқтатқан. Жедел-іздестіру іс – шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері 30 жастағы екі ер адамды анықтап, ұстады. Біреуі жеке кәсіпкер, екіншісі ресми түрде жұмыссыз болып шықты.Ұсталғандар кәсіпорындармен келісімшартқа қол қоя отырып, оны орындауды жоспарламағандарын түсіндіріп, мойындау көрсетпелерін берді. ҚР ҚК-нің 190-бабы "Алаяқтық"бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.