Қарағандылық тәртіп сақшылар жолға жауапты мекемелерге қатысты 95 әкімшілік хаттама толтырды.

Қарағандылық тәртіп сақшылар жолға жауапты мекемелерге қатысты 95 әкімшілік хаттама толтырды.

Қарағанды қалалық Полиция басқармасының жол-техникалық инспекциясы қызметкерлерімен облыс орталығындағы жолдар үнемі тексеріліп отырады.
Тексеріс қорытындысына сәйкес, полиция қызметкерлері жолды тексеру бойынша жолға жауапты мекемелерге тексеріс актісімен ұйғарым беріп отырады. Сондай-ақ, тексеру қорытындысы жергілікті атқарушы органдарға да жіберілетіні белгілі.
-Қарағанды қаласында жолдың тазалығымен талапқа сай болуына жауапты 9 жолға жауапты мекеме бар. Егер полиция қызметкерлерімен жолдардың талапқа сай болуы, қыстың күні жолдардың қардан тазалануы бойынша жол жүру ережесіне қайшы әрекеттер анықталған жағдайда жолға жауапты заңды лауазымды өкілге Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 631 бабына сәйкес хаттама толтырылады. Ағымдағы жылдың басынан бастап Қарағанды қалалық Полиция басқармасы жол-техникалық инспекциясының қызметкерлерімен жолға жауапты тұлғаларға 95 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, оның 3-уі бойынша хаттама Қарағанды қаласының ауданаралық әкімшілік сотына жолданды. Егер де полиция қызметкерлерімен берілген ұйғарымды орындамаған жағдайда заңды лауазымды тұлғаға Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 462 бабына сәйкес хаттама толтырылады,-деді Қарағанды қалалық Полиция басқармасы жол-техникалық инспекциясының аға инспекторы Темірлан Олжабаев.