
Қарағанды облыстық Полиция департаментінде қызметінде жетістіктерге қол жеткізгені үшін Ақпараттандыру және байланыс басқармасымен оның аумақтық бөліністерінің қызметкерлері марапатталды. Екі қызметкерге Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нышаны бар қол сағат табысталса, 13 қызметкерге грамота, ал 10 қызметкер алғыс хатпен марапатталды. Сондай-ақ, осы салада еңбек етіп, зейнетке шыққан екі ардагерде марапаттан тыс қалмады.
-Күнделікті заманауи технологиялармен жұмыс жасап, ішкі істер органының қызметкерлерін үздіксіз байланыспен қамтамасыз ету бұл көзге көрінбесе де үлкен жауапкершілікті қажет ететін еңбек. Бұндай жұмысты атқару біріншіден білімді қажет етеді. Қызметтің кейбір түрлері онлайн режиміне көшкен уақытта, цифрландыру жүйесі қоғамға қажетті болғаны баршамызға белгілі. Сондықтанда осы салада еңбек етіп, ақпараттандыру және байланыс жүйесінің жұмысын ғана емес, қоғамдық қауіпсіздікті қадағалауға ат салысып жүрген қызметкерлердің еңбегін бағалаған жөн,-деп атап өтті Қарағанды облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Ерлан Байдженов.