
29 қазанда Қарағанды облысы Теміртау қаласы ПБ Ескіқалалық полиция бөлімінің учаскелік инспекторы Рауан Уразбеков кезекшілікте болды. Сағат 15:00 шамасында Мира даңғылы бойындағы көпқабатты үйде тұратын әйел учаскелік пунктке қоңырау шалып, отбасындағы күйеуінің бастамасымен болған жанжал туралы хабарлады. -Мен көрсетілген мекенжайға келдім. Осы кезде ол кісі кетіп қалды. Әйелдің айтуынша, отағасы мас күйінде үйге келгенде оған есік ашпаған. Әйелі қарсыластық танытып оны үйге кіргізбеген. Ер адам әйелі кіргізбегені үшін кек алмақ болып, электр қалқанындағы орама сымды суырып алып, подъезден шығып кеткен. Соның салдарынан пәтер жарықсыз қалған. Әйелі элекетрик шақырғанымен ұзақ уақыт келмеген. Сол кезде ол менен ақауды жоюды тырысып көруімді өтінді. Менқалқанды ашып сымнын суырылып жатқанын байқадым. Оны тазалап, пакттік қосқышқа жалғаған бетте пәтерде жарық қосылды,- дейді Р.Уразбеков. Пәтер иесі учаске инспекторына алғысын білдірді. Полиций өзінің жұмысын жалғастырды. Біраз уақыт өткеннен кейін ер адаммен профилактикалық әңгіме жүргізді. Ер адам бұдан былай әйеліне жанжал шығармайтынына және өзін дұрыс ұстауына сөз берді.