Қарағанды полицейлері ашық тонауды ашты

Қарағанды полицейлері ашық тонауды ашты

Сағат 18:00 шамасында Қарағанды қаласының ПБ жедел басқару орталығына Карл Маркс көшесінде тонау болды деген хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына потрулдік полиция жасағы келді. Анықталғандай, қылмыс ауыр түрде жасалған. 25-жастағы жәбірленуші жігіт ауылдық аймақтың бірінде тұратынын, Қарғандыға сауда жасау мақсатында келгендігін айтты. Сауда үйлерінің бірінде ауыл тұрғыны тауарын төлеу үшін әмиян алып шыққан. Осы кезде оған белгісіз біреу келіп, қолындағы 400 000 теңгесі бар әмиянды суырып алып, ізін суытқан. Полицейлер ізін суытпай 23-жастағы күдікті жігітті анықтап ұстады. Ол өз кінәсін толық мойындады. Заттай дәлелдемелер алынды.
ҚР ҚК 191 бабы «Тонау» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.