
22 қазан күні Қарағанды облысының полиция департаменті табиғатты қорғау полициясы мен «Охотзоопром» қызметкерлері шалғайдағы ауылдық округте рейд жүргізді.
Олар таңғы 4:00 шамасында 53 жастағы жүргізуші басқарған жол талғамайтын көлікті жол бойында тоқтатқан. Сондай-ақ салонда 44- жастағы жолаушы ер адам болған. Олардың барлығы жергілікті тұрғындар екені белгілі болды. Тексеру барысында осы көліктің жүксалғышынан екі ақбөкен өлексесі,нөмірі белгісіз тегіс ұңғылы мылдық, алты патрон табылып, тәркіленді.
ҚР ҚК 337 бабы «заңсыз аң аулау» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.