Қарағанды қаласында қылмыстың алдын алуға байланысты ведомствоаралық кеңес өтті.

Қарағанды қаласында қылмыстың алдын алуға байланысты ведомствоаралық кеңес өтті.

Қарағанды қалалық Полиция басқармасында қоғамдық қауіпсіздікті сақтау, қылмыстың алдын алу, учаскелік полиция инспекторларының жұмысын күшейтуге бағытталған ведомствоаралық кеңес өтті. Кеңеске Қарағанды қалалық Полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Шахназар Салин, Әлихан Бөкейханов атындағы ауданның әкімі Саят Шаймин, Әлихан Бөкейханов атындағы ауданның прокуроры Ержан Кошанов, прокрордың орынбасарлары, қалалық полиция басқармасына қарасты аудандық полиция бөлімдерінің бастықтары, пробация қызметкерлері, коммуналдық шаруашылық өкілдерімен кәсіпкерлерлер қатысты.
Ә.Бөкейханов атындағы аудан прокурорының орынбасары С.Уткуров кеңес барысында бірлескен жұмыстармен алдын алу іс-шараларының нәтижесінде қылмыстардың жалпы төмендегенін тілге тиек етті. Сондай-ақ, ол өз сөзінде түнгі уақытта алкоголь өнімдерін сатпаудың, есірткі заттарының алдын алу, жол-көлік оқиғаларын болдырмау бойынша алдын алу жұмыстарын жандандыру керек екенін атап өтті. Кеңес барысында Қарағанды қалалық Полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы Бауыржан Мұхамеджанов баяндама жасады. -8 ай ішінде Ә.Бөкейханов атындағы ауданда 32 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, оның салдарынан 7 адам қаза тапса, 35 адам әртүрлі дене жарақаттарын алды. Өткен жылдың осы уақытымен салыстырсақ жол-көлік оқиғасы 23.8 пайызға төмендеді. Жол-көлік оқиғаларының алдын алу және оны болдырмау мақсатында жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде патрульдік полиция полкінің жеке құрамымен 63157 құқық бұзушылық анықталды. Сондай-ақ, аталған уақыт ішінде жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында Қарағанды қаласындағы қоғамдық орындарда 14 жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді,-деді Бауыржан Мұхамеджанов. Сондай-ақ, баяндама жасаушы Бауыржан Мұхамеджанов учаскелік полиция инспекторлары ұрлықтардың алдын алуға байланысты пәтер иелері кооперативі және КСК өкілдерімен бірлесіп үйлердің кіре берістеріне темір есікпен дамофон қойу, бейнебақылау камераларын орнату, көліктерді автотұрақтарға қойу мәселелері бойынша үнемі түсіндірме жұмыстары жүргізілетінін атап өтті. Сондай-ақ жиын барысында жергілікті полиция қызметі инспекторларымен мектеп оқушыларымен жоғары оқу орынының студенттерінің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында дәрістер өткізіліп, заң талаптарын жиі бұзатын оқушылар, олардың ата-аналарымен жекелеген түсіндіру жұмыстары жүргізіліп тұратыны айтылды. Жүргізілген барлық жұмыстар барысында атқарылған қызметтің тиімді болуы мақсатында үнемі прокуратура органының қызметкерлері, денсаулық сақтау, білім басқармасы, жастар ісі жөніндегі мамандардың болуы қамтамасыз етілген. Ондағы мақсат, қылмыспен құқық бұзушылықтың алдын алуда ведомствоаралық ұйымдардың жұмысын тиімді жолға қойу. Жиын соңында көтерілген барлық келелі мәселелер бойынша шешімін табатын тиісті тапсырмалар берілді.